Birge

Birge — көршілер мен баспана

Өз адамдарыңды тап: бірге тұратын көрші немесе бірге жалға алатын баспана. Іздеуде — адамдар, Лентада — баспана. Алматы, Астана, Шымкент және Қазақстанның басқа қалалары. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.

Іздеу — адамдар. Көрші іздеп жүргендердің анкеталарын қара. Өзара лайк — «Birge!», чат ашылады. Өзің туралы бірнеше сұраққа жауап бер, іріктеу бірге тұруға қолайлы адамдарды өзі жоғары шығарады.

Лента — кез келген жалға алу. Пәтер, үй, уақытша баспана, жатақхана — толығымен, бөлме немесе орын. Баға, аудан және шарттар бойынша фильтрлер, картадан іздеу, жаңа хабарландыруларға жазылу. Бөлмең бар ма — тегін жариялап қой, өтінімдер чатқа келеді.

Apple немесе Google арқылы кіру, міндетті телефон нөмірісіз. Расталған профильдер, шағымдар мен бұғаттау. Лайктар, қауіпсіздік және хабарландыру жариялау бәріне тегін.

App Store · Google Play

Қолдау · Құпиялылық саясаты · Пайдаланушы келісімі · Аккаунтты жою